Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау 8 шілдеден 3 тамызға дейін жүргізіледі

Докторантураға түсушілердің өтініштерін қабылдау 8 шілдеден 3 тамызға дейін жүргізіледі


09.07.2021 Барлық жаңалықтар


Құрметті докторантураға түсушілер!

2021 жылдың 8 шілдесі мен 3 тамызы аралығында докторантураға өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі.

Тіркелу барысында Сіз емтихан тапсыру ҚАЛАСЫН өзіңіз таңдайсыз.

Түсу емтихандары 2021 жылдың 4-20 тамызы аралығында өткізіледі.

Докторантураға түсу емтиханы келесі блоктардан тұрады:
1 -эссе;
2 -докторантурада оқуға дайындығын анықтауға арналған тест;
3- білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары.

Докторантураға «МАГИСТР» дәрежесі және кемінде 9 (тоғыз) ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген тұлғалар қабылданады.

testcenterkz  материалдары бойынша / / 2021 жылы 8 шілде мен 3 тамыз аралығында докторантураға өтініштерді қабылдау app.testcenter.kz сайтында жүргізіледі / / Авторы:  testcenterkz - 2021-шілде 8.

ENERGO UNIVERSITY