КВИ-дің «Дельта-штаммы» вакцинациядан басқа таңдау қалдырмайды –Сағынтаев

КВИ-дің «Дельта-штаммы» вакцинациядан басқа таңдау қалдырмайды –Сағынтаев


09.07.2021 Барлық жаңалықтар


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-да Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирі барысында эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі туралы айтып, алматылықтарды денсаулықтарын сақтау үшін вакцинациялауға шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, мегаполистегі эпидемиологиялық жағдай 18 маусымда қалалық СЭБД мамандары тіркеген «дельта» штаммының таралуына байланысты күрделене түсуде.

Осыған байланысты КВИ мутацияланған штаммдарының болуына зерттеулер жалғастырылды. 1 шілдеде КВИ науқастарынан алынған 88 үлгінің ішінен: 67 үлгіде – «дельта» (76%), 14 (16%) – «альфа» (британдық), екеуінде – белгісізі шыққан, үш нәтиже теріс (3,4%), біреуінде (1,1%) – COVID-19 (Ухань) анықталды. 3 шілдедегі зерттеулер көрсеткендей, науқастардың 45 үлгісінің ішінде 35-інде (78%) «дельта» штаммы, 6-ауында (13%)- «альфа» және тек біреуінде (2,2%) –CAVID-19 (Ухань) анықталды, – деп хабарлады әкімдік.

Сонымен қатар, мамандар КВИ-мен ауыратын науқастардың ауырлық дәрежесінің жоғарылауын айтады. Алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,5 есе, 46%-дан 73%-ға дейін өсті. Бұл КВИ ауыр клиникалық көріністерін тудыратын «дельта» штаммының басым айналымымен байланысты.

Әкімдіктің мәліметінше, соңғы екі аптадағы жас құрамын талдау «дельта» штаммының жоғары контагиоздылығына байланысты вирустың балалар мен жастарға басым «бағытталғанын» көрсетті. Мәселен, бір жасқа дейінгі ауырғандардың үлес салмағы 0,7%-ға, 2,8%-ға дейін; 14 жасқа дейін – 0,4 %-ға, 15%-ға дейін; 15-19 жастағы жасөспірімдердің – 0,8%-ға, 5,2%-ға дейін және 40-59 жастағы азаматтардың – 1,5%-ға, 24,7%-ға дейін өсті.

Осыған байланысты қала тұрғындары балалар мен жасөспірімдердің жағдайына ерекше назар аударып, мүмкіндігінше көп жиналатын орындарға баруды шектеуі қажет. Орта жастағы өкілдер де санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауды күшейтуі керек, – деді Сағынтаев.

Халықты жұмыспен қамту бойынша соңғы 14 күнде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың – 35%, түрлі ЖШС, ЖК, АҚ жұмыскерлерінің – 19%, зейнеткерлердің – 17,4%, сондай-ақ оқушылардың – 10,3% және мектеп жасына дейінгі балалардың – 7% арасында КВИ ауруы бұрынғысынша басым болып отыр, бұл сырқаттанғандардың жалпы санының 89% - ын құрайды.

ZAKON.KZ материалдары бойынша / / «Дельта-штаммы» вакцинациядан басқа таңдау қалдырмайды – Сағынтаев / / Авторы: ZAKON.KZ – 2021-шілде 7.

ENERGO UNIVERSITY