2021 жылдың 17 қыркүйегінде университет басшылығының Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ 3 және 4-курс студенттерімен кездесуі өтті

2021 жылдың 17 қыркүйегінде университет басшылығының Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ 3 және 4-курс студенттерімен  кездесуі өтті


17.09.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін  университет басшылығының Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ 3 және 4-курс студенттерімен кездесуі өтті. Сауле Саветовна кіріспе сөзімен кездесуді аша отырып, университеттің заманауи ғылыми-инновациялық жаңалықтары, цифрландыруға көшу, халықаралық байланыстар туралы қысқаша ақпарат берді, университеттің жетістіктері мен болашаққа жоспарларымен бөлісті.

Академиялық қызмет жөніндегі проректор С.В. Коньшин студенттерді жаңа оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі жалпы ақпаратпен таныстырды, әрі Portal AUES жаңа білім беру платформасының іске қосылуы туралы айтты.

Білім алушылар қызықты сұрақтар қойып, оларға ЖОО-ның бірінші басшыларынан толық жауаптар алды. Айта кету керек, мұндай кездесулер АЭжБУ-да дәстүрлі болып табылады және тұрақты негізде өткізіледі. 

ENERGO UNIVERSITY