31.03.2022 Барлық жаңалықтар
2022 жылдың 31 наурызында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінде CSI компаниясының технологиялық консалтинг директоры Жәнібек Байдулланың қонақ дәрісі өтті. Бұл іс-шараны студенттер үшін мансап орталығы ұйымдастырды.
Өз дәрісінде Жәнібек Байдулла энергетика саласын цифрландырудағы соңғы трендтер туралы айтып берді, сондай-ақ Ұлыбританияда "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуы туралы естеліктерімен бөлісті.
- Соңғы 10-15 жылда цифрландыру адам өмірінің барлық қырларын өзгертті, - деп атап өтті Байдулла. – Энергетика саласында талдау жұмысы үшін іргетас қалыптыратын цифрландыру және "темірді" қалыптастыру кезеңі қаржылық шығындардв көбірек талап етеді. Мәселен, Нұр-Сұлтанда біз электр желілеріне рұқсатсыз қосылудың көптеген фактілерін анықтадық. Энергетика саласын цифрландыру тек ашықтықты күшейтуге және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге ықпал етеді.
Жәнібек Байдулла сондай-ақ "PayPal электрондық төлем жүйесі Deutsche Bank-тен көп табыс табады және PayPal қаржылық әлеуеті қазақстандық әлеуетпен шамалас" деген цифрлық экономиканың нақтыдан артықшылығы тақырыбын қозғады. "Қазір сіз өзіңізді Қазақстанда емес, халықаралық компанияларда жұмыс істеу үшін дайындауыңыз керек. Мысалы, Мен Қазақстанда отырғанда Канадада орналасқан бір Энергетикалық Компания үшін есеп жасай алдым", - деп кеңес берді ол студенттерге.
Дәріс соңында Жәнібек Байдулла "Қазақстандағы қазіргі тестілеу жүйесі жас адамның сыни ойлауын дамытуға ықпал етпейтінін" айтты. "Мен Ұлыбританияда оқып жүрген кезімде бір ғана сұраққа жауап бере алмай, эссе тапсыра алмай қалдым. Эсселерін оңай жазып отырған Израиль, Германия және басқа елдерден келген курстастарыма қарап отырғаным есімде (кейбіреулері алты беттен жазды) - Ал жаңартылатын энергия көздері туралы ойларымды жинақтауға тырысып отырдым. Ия, сол жолы мен құладым, бірақ маған мүмкіндік берілді. Сондықтан сыни ойлауды дамытып, мықты білім барлық есікті ашатынын есте сақтаңыз!", - деп кеңес берді ол.
Дәрісінен кейін CSI компаниясының технологиялық консалтинг директоры Жәнібек Байдулла өзінің байланыстарымен бөлісіп, АЭжБУ студенттерінен түйіндемелерін қызметтік поштасына жіберуді сұрады. Ол "компанияға Қазақстанның цифрлық экономикасы мен бүкіл энергетикалық саласын дамытуға міндетті түрде өз үлесін қосатын ақылды және талантты жастар қажет" деді.