АЭжБУ студенттері Сорокина Мария мен Меллатова еңлік Алматы қаласындағы техникалық университеттер арасында ағылшын тілі олимпиадасында (2022 жыл) екінші орынды алды

АЭжБУ студенттері Сорокина Мария мен Меллатова еңлік Алматы қаласындағы техникалық университеттер арасында ағылшын тілі олимпиадасында (2022 жыл) екінші орынды алды


03.05.2022 Барлық жаңалықтар


Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті 2022 жылдың 16, 23 сәуірінде Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының бастамасымен Алматы қаласының техникалық университеттері арасында ағылшын тілінен студенттік олимпиада өткізді. Олимпиадаға Қазақстан-Британ техникалық университетінің, Сәтбаев атындағы университеттің, Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, «Тұран» университетінің және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері қатысты.

Олимпиаданың мақсаты:

- тіл мамандықтарын оқымайтын студенттер арасында ағылшын тіліне қызығушылықты дамыту;

- студенттердің интеллектуалдық және тілге деген белсенділігін арттыру;

- студенттердің шет тіліне коммуникативті құзыреттілігін аттыру;

- студенттердің ағылшын тілін оқуда және одан әрі қолдануда бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Олимпиаданың шарты бойынша әрбір техникалық жоғары оқу орнында тілдік емес мамандықтардың 1 және 2-курс студенттері арасында ішкі іріктеу кезеңі өтеді. Аталмыш тілде ана тілі ретінде сөйлейтіндер мен шет елде оқитын немесе 6 айдан астам тұратын студенттер олимпиадаға қатысуға жіберілмейді.

ЖОО аралық олимпиаданың I турына әрбір ЖОО-ның үздік студенттері (бестен артык болмауы керек) қатысады.

Олимпиаданы өткізу тәртібі халықаралық IELTS емтиханы форматында ұсынылған және төмендегілерді қамтиды:

1) 4 бөлімнен (40 сұрақ) тұратын тыңдау, ұзақтығы 30 минут;

2) үш мәтінді оқу (40 сұрақ), ұзақтығы 60 минут;

3) эссе жазу (250 сөз), ұзақтығы 40 мин.

Олимпиаданың екінші турына қатысу құқығы бірінші турда ең көп ұпай жинаған 10 қатысушыға беріледі. Екінші турға әр университеттен екі өкіл ғана жіберіледі.

Олимпиада күндері:

I тур – 2022 жылдың 16 сәуірі

II тур – 2022 жылдың 23 сәуірі

Олимпиаданың бірінші турына АЭжБУ үздік студенттері қатысты:

Сорокина Мария АУ 20-6 және Меллатова Енлік КИ 21-2 екінші кезеңге өтіп, сертификаттар мен ақшалай сыйлықтармен (әрқайсысы 20 000 теңгеден) екінші орынды иеленді.

Олимпиаданың барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды, ал мұғалімдер –Р.М. Пархатова және С.Д. Имрамзиева дәстүрлі университетаралық олимпиаданы өткізуге көмектескендері үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Еңлік пен Марияны шын жүректен құттықтап, бағындырар белесінің биік болуына тілекшіміз!!!

 

ENERGO UNIVERSITY