Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына арналған "Әлем таныған Әуезов" атты конференция

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығына арналған

18.10.2022 Барлық жаңалықтар


Қазанның 18- ші жұлдызында, яғни бүгін АЭжБУ қабырғасының үлкен оқу залында ұлағатты жастардың ұйымдастыруымен қазақ әдебиетінде шоқтығы биік классигі,қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ ӘУЕЗОВТЫҢ 125 жылдығына арналған "Әлем таныған Әуезов"атты  өзгешілікке толы ерекше конференциямыз өтті.

Барша тыңдарман мен көрерменге   Мұхтар атамыздың өмір - баяны,еңбек жолымен таныстырылып, небір қызықты сәттер мен мәліметтерге толы болды. 

Барлық қатысушы #ҰЛАҒАТТЫЖАСБУЫНҒА алғыс білдіреміз.

Алдағы іс-шараларға сәттілік!