21.10.2022 Барлық жаңалықтар
Құрметті студенттер мен әріптестер!
13 жыл бойы тойланбаған, ал биыл күнтізбеге Ұлттық мереке ретінде қайта енгізілген Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміз үшін 25 қазан – Тәуелсіздігіміздің қалыптасу тарихындағы маңызды күндердің бірі. Себебі 1990 жылы Тәуелсіздік алудың алғашқы қадамы болған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация дәл осы күні қабылданған болатын.
АЭжБУ-дың білікті кадрлары заманауи инновациялық технологиялар мен жабдықтарды, оқыту мен білім берудің жаңа әдістемелерін пайдаланады, бұл бізге болашаққа сенімді қарауға, Қазақстан Республикасының дамуына лайықты үлес қосуға мүмкіндік береді!
Баршаңызға шын жүректен зор денсаулық, жоспарлардың сәтті орындалуын және туған Қазақстанымыздың игілігі жолындағы қызметімізде табыс тілеймін!
АЭжБУ ректоры
С. Сагинтаева