ҚАЛИЖАНОВА ӘЛИЯ УӘЛИҚЫЗЫН 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚАЛИЖАНОВА ӘЛИЯ УӘЛИҚЫЗЫН 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


08.01.2023 Барлық жаңалықтар


08 қаңтарда физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), IT-инжиниринг кафедрасының профессоры Алия Уалиевна Калижанова өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтеді.

 1986 жылы Ленин атындағы Новосибирск мемлекеттік университетінің механика-математика факультетін «Математика, қолданбалы механика» мамандығы бойынша бітірген.

    А.У. Калижанованың ғылыми-педагогикалық қызметі бойынша жалпы еңбек өтілі 36 жыл. Еңбек жолын 1986 жылы В. И. Ленин атындағы  ҚазПТИ-да «Қолданбалы математика» кафедрасының аға зертханашысы болып бастап, 1987 жылдан инженер бағдарламалаушы болып жұмыс істеді, одан әрі 1987 жылы оқытушылық қызметіне ауысты.  1989-2003 жылдары «Информатика және қолданбалы математика» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.

2003-2006 жылдары Ақпараттық технологиялар институтының оқу ісі жөніндегі директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2008-2012 жылдар  аралығында Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институтының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары қызметін атқарды.  2005-2016 жылдар аралығында осы университеттің «Программалық қамтамасыз ету жүйелері және желілері» және «Информатика» кафедраларының доценті қызметін атқарды. 2016 жылдан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  «Информатика» кафедрасының доценті болды.

2017 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің IT-инженерия кафедрасының доценті, профессоры болып қызмет етеді.

  2003 жылы 01.01.02 – «Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика» мамандығы бойынша физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Қ.А. Қасымовтың ғылыми жетекшілігімен «Екінші ретті сызықтық интегралды-дифференциалдық теңдеу үшін интегралды шекаралық есептің асимптотикалық шешімдері» тақырыбында диссертация қорғады.

  Жұмыс барысында Алия Уалиевна өзін «Сандық әдістер», «Операцияларды оңтайландыру және зерттеу әдістері», «Алгоритмдер және олардың күрделілігі», «Дискретті математика», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу технологиялары», «Параллельді есептеу», «Жасанды интеллект жүйелері», «Ақпараттық жүйелерді модельдеу», «Жүйелік талдау» пәндерін оқыту әдістемесін меңгерген сауатты, тәртіпті, білікті маман ретінде көрсетті.      А.У. Калижанова Ньюкасл Университетінде (Ұлыбритания, 2013), Люблин техникалық университетінде (Польша 2015 ж., 2022 ж.), Гачон университетінде (Корей, 2015 ж.) ғылыми-зерттеу тағылымдамаларынан өткен.

Іргелі және қолданбалы зерттеудің келесі ғылыми бағдарламаларында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді: «Әртүрлі сыныптағы және мақсаттағы ақпараттық жүйелерді автоматтандырылған жобалауға арналған математикалық модельдерді, әдістер мен құралдарды әзірлеу және енгізу» тақырыбы бойынша жобаның аға ғылыми қызметкері (№ 751.БҒМ.МФ.12.2, 2012-2014) Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде; «Ақпаратты жинау мен берудің зияткерлік таратылған желілерінің құрамын, құрылымын және жұмыс істеуін оңтайландыру модельдері мен әдістері» жобасының жетекші ғылыми қызметкері (жоба 3313/ГФ4, 2015-2017жж.). 2018-2020 жылдарға арналған АР05132778 «Телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, талшықты рефрактометрмен сигналдарды интеррогациялау жүйесін зерттеу және әзірлеу», «Құрылыс конструкцияларының жай-күйін бақылау үшін Брагг талшықты торлары негізінде бөлінген талшықты-оптикалық датчиктерден жүйені әзірлеу» (2020-2023 жж.) гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасының жетекшісі болып табылады.

А.У.Калижанова ғылыми семинарларға, халықаралық және дүниежүзілік конференцияларға үнемі қатысады (WCETR-2012, Кипр, WCIT-2013, Барселона, WASET-2013, АҚШ, IССАS-2015, Оңтүстік Корея, INASE-2017, Прага China 2021, UBMK 2022 INTERNATIONAL CONFERENCE, Turkey 2022 және т.б.) 

Томсон Рейтер (64, H=4) және Scopus (95, H=9) халықаралық ақпараттық ресурстарында индекстелген, нөлдік емес импакт-факторлы ғылыми басылымдарын қоса алғанда, 150-тен астам ғылыми мақалалары бар, сонымен қатар ҚР БЖҒМ-нің  БҒҚК ұсынған басылымдарында да мақалалары жарияланды, соның ішінде 3 монография және студенттерге арналған 5 оқу-әдістемелік құралы, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 7 куәлігі бар. 

    А.У. Калижанова «ЖОО үздік оқытушысы» атағына ие болды (2020), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс» грамотасымен марапатталды (2019 ж.), Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің  «Айырықша еңбегі үшін» медалімен мараппатталды, алғыс хаттары мен мақтау қағаздары бар.  Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) белсенді мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының профессоры болып табылады.

    А.У. Калижанова жоғары кәсіби қасиеттерге және ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, қызметкерлер арасында сыйлы, еңбекқор, қабілетті.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге мол бақыт, зор денсаулық, барлық жаңа бастамаларыңызға сәттілік тілейді! Сіздің біліктілігіңіз бен адалдығыңыз елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

ENERGO UNIVERSITY