Energo University-дің жылу энергетик-магистранттары Supros компаниясынан ғылыми жұмыстар байқауына қатысты

Energo University-дің жылу энергетик-магистранттары Supros компаниясынан ғылыми жұмыстар байқауына қатысты


31.05.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) және Қазақстанның өнеркәсіптік изоляция саласындағы Supros инженерлік компаниясы (Атырау қаласы) арасындағы ынтымақтастық аясында магистранттар арасындағы үздік ғылыми мақала байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Бірнеше ай бұрын Supros компаниясы Energo University-де «Теплоэнергетика» мамандығы бойынша білім алатын магистранттарға ғылыми зерттеу жүргізуді ұсынды. Келесі тақырыптардың біріне ғылым зерттеу жасаулары қажет болды:

- Изоляцияның декарбонизацияға оң әсері - энергия тиімділігі және шығарындыларды азайту;

- Энергия тұтынуды және электр қуатына жұмсалатын шығындарды азайтудағы тиімді изоляцияның маңызды рөлі;

- Изоляцияға салынған инвестицияның өтелуі: экономикалық пайда мен өтелу мерзімін талдау;

- Изоляция астындағы конденсация мен коррозияны бақылау: қазіргі әдістер мен технологиялар;

- Шығарындыларды азайту және қоршаған ортаны қорғаудағы изоляцияның рөлі: инновациялық тәсілдер мен тәжірибелік шешімдер.

Байқауға 10 бірінші курс магистранттарының қатысты. Жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау Alumni day күніне орайластырылды. Supros компаниясының бизнесті стратегиялық дамыту директоры, біздің университеттің түлегі Санат Актананов барлық байқауға қатысушыларды естелік сыйлықтармен марапаттады. Ал екі жеңімпаз, Темирова Гаухар мен Калиев Али, арнайы фирмалық сыйлықтармен марапатталып, олардың жұмыстарын ғылыми және кәсіби басылымдарда жариялау үшін Supros компаниясынан ресми рецензия алды. Сондай-ақ, магистранттарға биылғы тамыз айында Ресейдің Челябинск қаласындағы Isotec зауытында тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі.

Марапаттау рәсімінен кейін Supros компаниясының өкілдері кафедраның термоэнергетика басшылығымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту жоспарларын талқылады.

ENERGO UNIVERSITY