Energo University профессоры марапатқа ие болды

Energo University профессоры марапатқа ие болды


01.10.2024 Барлық жаңалықтар


27 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясында Қазақстанның Жоғары оқу орындары қауымдастығынан техника ғылымдарының кандидаты (Қырғыз Республикасы), PhD докторы (Қазақстан Республикасы), Energo University қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген энергетигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі - Абдимуратов Жубаныш Суйнуллаевичке Ахмет Байтұрсынов атындағы алтын медаль табысталды

Жубаныш Суйнуллаевичке «Қазақстанның білім беру және ғылым жүйесін дамытуға қосқан ерекше үлесі және жоғары білікті мамандарды даярлау бойынша атқарған зор еңбегі үшін» деген марапатты ҒАА бас ғалым хатшысы, вице-президенті Иманғалиев Ернар Иманғалиевич табыстады. Әріптесімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

 

Энергетика және жасыл технологиялар институтының ұжымы

ENERGO UNIVERSITY