Ректордың 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық есебі

Ректордың 2019-2020 оқу жылына арналған жылдық есебі


01.10.2020 Барлық жаңалықтар


Бүгін, яғни, 30.09.2020 ж., Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында ректор Сагинтаева Сауле Саветовнаның «КЕ АҚ «Ғұмарбек Даукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ» 2019-2020 оқу жылындағы жылдық есебі және 2020-2021 оқу жылына жоспар» атты есебі қарастырылды. 

Отырыста ең алдымен университеттің негізгі жетістіктері атап өтілді және оқу жылына қорытынды жасалды.

2019-2020 оқу жылы университетке Ғұмарбек Дәукеевтің есімі берілгенінен басталды. Бұл шешім акционерлер жиналысында қабылданды.

Оқыту жүйесіндегі қиындықтар мен коронавирус пандемиясына қарамастан, білім ордасы мамандар даярлаудан бірінші қатарда, сондай-ақ, ұлттық және халықаралық рейтингте көшбасшы.

Бірлескен зертханалар құрылды. ИзраильдікAYYEKA компаниясымен бірлесіп жаңа зертхана және зертханасы ашылды, HUAWEI академиясы құрылды, Еуропалық Кассино «Мехатроника және роботтық техника» университетінің зертханалық бөлімшесіАЭжБУ базасында жасалды, сондай-ақ, Ғарыштық зерттеулер және технологиялар Ұлттық орталығындағы Криогенді Жылытқыш Құбыр кафедрасының бөлімшесі құрылды. ERASMUS+ бағдарламасы бойынша халықаралық грант есебінен қашықтықтан оқыту кабинеті жасақталды.

Бір жылда ҚР БҒМ Ғылым Комитеті тарапынан 11 грант жобалары жасалды. 2 жоба сандық даму, инновациялар және Қазақстанның аэроғарыштық өнеркәсібіМинистрлігі тарапынан болды. 21 жоба келісім шарттыққа жатты. Келісім шарттық зерттеулерге тапсырыс бергендер арасында  «АлатауЖарықКомпаниясы» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазтелерадио» АҚ, Қазақ мұнай және газ институты, АЛЭС және т.б. болды.

Университет «Самрұқ-Қазына» АҚ квалификация алды тобының іріктеуінен өтіп, сыншылдық деңгейінің 2 сатысына көтерілді (барлығы 3 саты).

Мұның барлығы университетте экономика секторындағы сұранысқа ие зерттеулер  жүргізілетінін дәлелдейді. 

2018 жылмен салыстырғанда, 2019 жылы ҒЗЖ қаржыландыру 19% өскен. 2019 жылмен салыстырғанда, 2020 жылы (8 айда) ҒЗЖ қаржыландыруы 54% артқан. ҒЗЖ гранттық қаржыландыруы 2019 жылы 28% өссе, 2020 жылы (8 айда) бұл көрсеткіш 50% құрады.

ОПҚ мақалалары жаңа деңгейге көтерілді. Оны халықаралық базадан көруге болады. Халықаралық базалардың бірі SCOPUS-тың зерттеуі бойынша, көрсеткіш 83% жеткен. Ал  Web of Science базасында 3,6 есе артқан.   01.01.2019 салыстырғанда, 04.03.2020 жылға сәйкес, істеп тұрған патенттер саны 22,7% өскен.

Білім беру қызметінің кірісі өткен жылмен алыстырғанда, 48,17% өскен.

АЭжБУ колледжі КЕМ «Тәуелсіз Қазақстан аккредитация орталығында» институционалдық және мамандандырылған аккредитацияны сәтті өткізді.

Соңғы 5 жылда студенттер контингенті артты. 2018 жылдан бері орташа өсім жылына 22% құрады. Түлектерді жұмыспен қамту 2020 жылы 83% жетті.

2019 жылы, екі жылдық мерзімге АЭжБУ «U-Multirank» (Contact to work environment) халықаралықрейтінгінің «Қызметтік ортамен ынтымақтасу»параметрі бойынша электр энергетикасы және ақпараттық технологиялар (“Electric Engineering” and “Computer Sciences”) мамандығы бойынша 25 үздіктің қатарына кірді.

Университетте сандық жүйелеу, компьютерлермен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны арттыру жұмыстары қарқынды іске асып жатыр.

2019-2020 жылғы қорытынды бойынша, Университеттің барлық бағыт бойынша қарқынды дамып жатқанын көре аламыз.

Ректор Сагинтаева С.С. қызметкерлердің 2020-2021 жылға арналған басқарушылық, академиялық, ғылыми және инновациялық қызметі аясында тапсырмалар беріп, бағыт-бағдарын айқындады. Сонымен қатар, оның ішіне университеттің барлық сандық процесстері де кірді.

Ректордың толық есебін мына жерден оқи аласыз презентация

Пікірталасқа қатысқандар:

- «Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар» кафедрасының доценті Гармашова Ю.М.;

-«Автоматизация және басқару»  кафедрасының профессоры Хан С.Г.;

- «Электроэнергетикалық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Умбеткулов Е.К.

- «Әлеуметтік дисциплиналар» кафедрасының меңгерушісі Кабдушев Б.Ж.

- «Менеджмент және инженериядағы кәсіпкерлік» кафедрасының меңгерушісі Умбетов Е.С.;

- «Жылу энергетикалық қондырғылар» кафедрасының меңгерушісі Кебарин А.Н.;

- «Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Темырканова Э.К.;

- Квалификацияны көтеру институның директоры Сатова Р.К.;

- «Ақпараттық жүйелер және кибер қауіпсіздік» кафедрасының доценті Бердибаев Р.Ш.

Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысына КЕ АҚ «Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің» директорлар Кеңесінің Төрағасы Дәукей С.Ж. қатысты. Ол өз сөзінде, университет басқарушылары мен оқытушы-профессорлық құрамның жоғары біліктілігін атап өтті. Сондай-ақ, университеттің беделін сақтап, тіпті, оны арттырып және барлық бағыт бойынша жақсы көрсеткіштер көрсетіп отырғандары үшін ректор Сагинтаева Сауле Саветовна мен барша ұстаздарға алғысын білдірді.

ENERGO UNIVERSITY