2020 жылғы 2 қазанда Google Meet платформасында «Өнеркәсіп пен энергетиканы технологиялық жаңғырту басымдықтары: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбында халықаралық вебинар өтті.

2020 жылғы 2 қазанда Google Meet платформасында «Өнеркәсіп пен энергетиканы технологиялық жаңғырту басымдықтары: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбында халықаралық вебинар өтті.


05.10.2020 Барлық жаңалықтар


2020 жылғы 2 қазанда Google Meet платформасында «Өнеркәсіп пен энергетиканы технологиялық жаңғырту басымдықтары: халықаралық тәжірибе және Қазақстан» тақырыбында халықаралық вебинар өтті.

Ұйымдастырушылар - Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ БАИ, "Сколково" Мәскеу басқару мектебінің энергетика орталығының көмегімен «Тау-кен технологиясы» Ғылыми орталығы.

Іс шара ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Қазақстан жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өнімділіктің өсуін қамтамасыз ету, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру бөлігіндегі тапсырмаларын талқылауға бағытталған.

Вебинар жұмысына орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ҒЗИ, бизнес-компаниялар мен ҮЕҰ өкілдері, атап айтқанда, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы КеАҚ, "АрселорМиттал Теміртау" АҚ, "СНПС Ақтөбе мұнай газ" АҚ, Актобеэнергомұнай және т. б. қатысты.

Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры Сауле Саветқызы Сагинтаева құттықтау сөз сөйлеп, вебинар қатысушыларына, спикерлерге алғысын білдірді. Өндірісті жаңғыртуды жүргізудің, соның ішінде үздік технологиялар трансферті мен заңнаманы өзектендіру есебінен жүргізудің маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті. Жаңғыртудың тиімді модельдері мен оларды практикада іске асыру тетіктерін таңдау отандық ғылыми және қоғамдық сана үшін неғұрлым күрделі әрі маңызды проблемалардың бірі болып қала береді.

Спикерлер ретінде өнеркәсіпті, энергетиканы технологиялық жаңғырту мәселелері бойынша ұлттық және халықаралық сарапшылар сөз сөйледі:

Сейітқали Жолдасұлы Ғалиев - ҚР ҰҒА корр мүшесі, «Тау-кен технологиясы» ғылыми орталығының директоры, э.ғ,д., профессор, тақырыбы: «ҚР Президентінің жолдауы аясында өнеркәсіп пен энергетиканы технологиялық жаңғыртудың әдіснамалық негіздері»;

Татьяна Алексеевна Митрова – «Сколково» Мәскеу басқару мектебінің энергетика орталығының директоры, жаһандық энергетикалық нарықтарды дамыту саласындағы халықаралық сарапшы және зерттеуші, э.ғ.д., профессор (Мәскеу, РФ) тақырыбы: «Әлемдегі және Ресейдегі энергетикалық трансформация технологиялары»;

Мейрам Зекешұлы Қажыкен - қазіргі заманғы қоғамды зерттеу институтының директоры, «Астана» Халықаралық университетінің Жоғары Экономика мектебінің деканы, э.ғ.д., профессор, тақырыбы: «Өнеркәсіптік саясат туралы заңның тұжырымдамасы Қазақстанның өнеркәсібі мен энергетикасын технологиялық жаңғыртудың негізі ретінде».

Семинар жұмысына барлығы 60 астам адам қатысты. Вебинар қорытындысы бойынша Қазақстанның индустриялық-инновациялық саясатын ілгерілету бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жинақталып, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданды.

ENERGO UNIVERSITY