03.03.2021 Барлық жаңалықтар
2021 жылғы 5 наурызда сағат 15:00-де Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті «Жасыл Академия» ҒБО-мен және Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп Google Meet пікірталас алаңында «ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СЕКТОРДЫ КӨМІРТЕКСІЗДЕНДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ» тақырыбына вебинар өткізеді.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның энергетика секторының көміртексыйымдылығын реттеудің экономикалық тетіктерін талқылау және төмен көміртекті дамуының стратегиясына (тұжырымдамасына) ұсыныстар әзірлеу.
Алғысөз сөйлейтіндер:
Ахметжан Примкулов мырза – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Др. Коллей Хольгар – Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасы Елшісінің Тұрақты өкілі
Сауле Сагинтаева – АЭжБУ ректоры;
Ақпараттық бөлімде сөз сөйлейтіндер:
- Б.К.Есекина, э.ғ.д., профессор, ҚР Президентінің жанындағы «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі кеңестің мүшесі, «Жасыл Академия» ҒБО директоры – ҚР-ның төмен көміртекті дамуға көшуі тұжырымдамасын әзірлеу барысы туралы;
- Др. Шуманн Йоханнес, «Қазақстан мен Орталық Азиядағы жасыл экономиканы қолдау» GIZ жобасының жетекшісі - Қазақстанның төмен көміртекті даму тұжырымдамасын әзірлеудің алғашқы нәтижелері;
- Айдар Қазыбаев, Green Finance Centre директоры - Жасыл қаржыландыру құралдарына негізделген көміртексіздендіру жобаларын ынталандыру;
- Ерлік Қаражан, Тұрақты даму бойынша халықаралық сарапшы, э.ғ.к. - ESG принциптері және мұнай-газ саласын көміртексіздендіру туралы;
- Айша Төребаева, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегиялық департаментінің директоры – ҚМГ-ның тұрақты дамуға кешенді көзқарасы туралы;
- Шыңғыс Чериязданов, Satbayev University еншілес кәсіпорны басқарма төрағасының орынбасары, Парасат «ҒТО» АҚ-ның инновациялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры – Қарағанды кен орындарынан көмір метанын алу және оны баламалы энергия көзі ретінде пайдалану туралы.
Вебинарға Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстандағы Германия Федеративтік Республикасының Елшілігі, GIZ, Green Finance Centre, «ҚазМұнайГаз» ҰК, «Парасат» ҒТО, бизнес пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде.
Талқылау нәтижелері бойынша Қазақстанның төмен көміртекті дамуы стратегиясына (Тұжырымдамасына) ұсыныстар қабылданатын болады.
Іс-шараға тіркелу: https://formdesigner.ru/form/view/145394
Google Meet ПЛАТФОРМАСЫ: meet.google.com/tpr-wdde-fuo
Іс-шара бағдарламасының жобасы
Өту мекенжайы: Алматы қ.
Күні мен уақыты: 2021 ж. 5 наурыз, сағ. 15:00-17:00.
Байланыс телефондары: Мадина Салыковна, 87017347758
Лаура - 87025475045