20.05.2021 Барлық жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі және Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Украинаның қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Қазақстан-Украина» форматында ВЕКЦА өңіріндегі алғашқы климаттық диалогты өткізеді. Диалогты Дүниежүзілік банк, ЕО, БҰҰДБ, ЭЫДҰ-ның Қазақстандағы және Украинадағы өкілдіктері, «Жасыл Академия» ҒБО, АЭжБУ, Сlimate Action Network ВЕКЦА, ҚР АҚДМ МГҚО қолдады және осы өңірдің жетекші сараптамалық институттары мен ҮЕҰ жинайды.
Бұл оқиға ВЕКЦА өңірінің (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия) Климаттық дипломатиясындағы сапалы жаңа кезеңді білдіреді және өңірдің екі өндіруші елінің көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу саласындағы ынтымақтастықты шоғырландыруға ниетін көрсетеді. Іс-шараның маңыздылығы 2021 жылғы қарашада Глазго қаласында өткен БҰҰ КӨНК тараптарының 26-конференциясына (СОР-26) дайындық кезеңінде Климаттық процестің негізгі стейкхолдерлері (үкіметтер, бизнес, ғалымдар, ҮЕҰ) арасында тұрақты көлденең коммуникациялар орнату қажеттілігінен туындады.
Диалогтың негізгі тақырыптары көміртектік салықты, шығарындылар саудасын, жасыл қаржыландыру мен инновацияларды, қалалардың төмен көміртекті дамуын және басқаларды қоса алғанда, декарбонизация бағыттары, осы процестің экономикалық тетіктері болады. Іс-шараны аралас форматта (офлайн/онлайн) өткізу жоспарлануда. Бетпе-бет форматы Киев және Нұр-сұлтан қалаларында өтеді, оған онлайн режимде ВЕКЦА өңірінің қатысушылары қосылады.
Форум жұмысының қорытындысы бойынша Бонн қаласындағы Климат жөніндегі министрлік конференциясына арналған қарар мен ұсынымдар әзірленеді (2021 жылғы маусым), төмен көміртекті саясат саласында Қазақстан мен Украина арасындағы көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге жәрдемдесетін меморандумдарға қол қойылады.
Онлайн форматтағы іс-шара Zoom платформасында өтеді, оған тіркелуге ниет білдірушілер сілтеме бойынша қол жеткізе алады: тіркеуден өткеннен кейін қосылуға сілтеме жасалған кіру туралы ақпаратты қамтитын растау хаты жіберіледі.
Іс-шараға офлайн форматта қатысу үшін сілтеме бойынша 2021 жылғы 24 мамыр сағат 18.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша, Қазақстан) тіркеуден өту қажет. Кіру қатаң түрде тіркелгендердің тізімі бойынша жүзеге асырылады.
Іс-шараға қатысуға және тіркеуге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, келесі байланыс нөмірлері бойынша хабарласуыңызды сұраймыз:
Нұр-сұлтан қ., Қазақстан: + 7 (701) 301 36 83, jakupova@cisc.kz - Дана Джакупова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы;
Киев қ., Украина: +380 97 518 1548, Olhaboiko206@gmail.com - Ольга Бойко, CAN ВЕКЦА.