23.06.2021 Барлық жаңалықтар
Қазақстанда карантин шектеулері күшейтіледі. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті.
"Нұр-Сұлтан қаласында "Дельта" ("Үнді") штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты Ведомствоаралық комиссия ҚР бас мемлекеттік санитария дәрігеріне карантиндік режим бойынша мынадай қосымша шаралар қабылдауды ұсынды:
-COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу);
-КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу);
-Ashyq жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу);
-Ashyq жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түліктік емес базарларды қосу", - делінген хабарламада.
kaz.tengrinews.kz материалдары бойынша / / Қазақстанда карантин күшейтіледі: ВАК шешім шығарды/ / Авторы: kaz.tengrinews.kz - 2021-маусым 23.