SU GAME JAM 2021-арманыңыздағы ойынды жасаңыз!

SU GAME JAM 2021-арманыңыздағы ойынды жасаңыз!

06.12.2021 Барлық жаңалықтар


Бүгін Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде (Satbayev University) "SU Game Jam 2021"ойын әзірлеушілердің бірінші жыл сайынғы республикалық фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Жүлде қоры 1 000 000 теңгеден асатын 4 күндік хакатонды Автоматика және ақпараттық технологиялар институты Тәуелсіз жастар қоғамдастығымен (theHub) бірлесіп ұйымдастырды және ол Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды.

Еліміздің барлық өңірлерінен келген студенттер еліміздің цифрлық нарығын дамытатын инновациялық, перспективалы және қызықты компьютерлік ойындарды әзірлеу мақсатында бағдарламашылар, 3D және 2D суретшілер, дизайнерлер, геймдизайнерлер, сценаристер, музыканттар және басқа да көптеген жас мамандардың командалық жарысына жиналды. Фестиваль тақырыбы  ретінде GameDev бағыты бойынша ретро стилін таңдады.

Фестиваль ашылғаннан кейін gamedev саласының кәсіби мамандарынан мастер-кластар өткізілді.

Алматы энергетика және байланыс университетінен 3 команда қатысты:

"Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері" ББ (3-курстың 5 студенті);

"Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету" ББ (2-курстың 1 студенті);

"Информатика" мамандығы (4-курстың 2 студенті).

"Информатика" мамандығының ИНФ-18-2 тобында оқитын 4-курс студенттері Андрей Чернышов  мен Томирис Төребек қазылар алқасының алдында нөлден бастап" Left Alone "компьютерлік ойынын жасады. 

Біздің студенттер әзірлеген компьютерлік ойын қазылар алқасы мүшелерінің ең жоғары ұпайларын алып, "ХАТУ" және "Astana IT University" секілді мықты бәсекелес командаларды артта қалдырып, 1-ші орынға ие болып, "SU Game Jam 2021" компьютерлік ойындарды әзірлеушілердің республикалық фестивалінің жеңімпазы атанды.

Студенттерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және қолжеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға тілектеспіз!

Ақпараттық технологиялар институты,

команда жаттықтырушысы Азамат Рахимович Кальпебаев