АЭжБУ студенттері – Huawei «Seeds for the future 2021» халықаралық білім беру компаниясының жүлдегерлері

АЭжБУ студенттері – Huawei «Seeds for the future 2021» халықаралық білім беру компаниясының жүлдегерлері


08.12.2021 Барлық жаңалықтар


2021 жылдың 7 желтоқсанында Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс универстетінің ректоры Сауле Саветовна Сагинтаева студенттерді Huawei «Seeds for the Future 2021» компаниясы бағдарламасының конкурсындағы жеңісімен құттықтады.

«Студенттерді құттықтаймын! Конкурсқа Республиканың 14 ЖОО-сынан 100 студент қатысты. АЭжБУ-дан 28 студент қатысып, барлық 28-і іріктеудің барлық кезеңдерінен өтті. II кезеңге 15 студент, оның ішінде                   13-і АЭжБУ студенттері шықты. Олардың барлығы жеңімпаз атанды, - деді ректор. – Осы тамаша жеңіспен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын!».

Марапаттау рәсіміне Академиялық қызмет жөніндегі проректор Сергей Коньшин және Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Серік Махмұтов қатысты. Олар АЭжБУ-дағы ICT Huawei академиясының куратор-тренерлері, атап айтқанда, IT-инжиниринг кафедрасының аға оқытушысы Виктор Александрович Тайлаков пен IT-инжиниринг кафедрасының доценті Татьяна Викторовна Голубеваға студенттерінің жетістіктері үшін алғыстарын білдірді.

Huawei «Seeds for the future 2021» компаниясы халықаралық білім беру бағдарламасының жүлдегерлерінің тізімі

 

Аты-жөні  Тобы 
1 Аширбаев Нұрдәулет Құралбекұлы       ПС-19-4
2 Баратжанов Исламбек Сабитжанович ИС(СМВР)-19-5
3 Барменов Данияр Бакытжанович ПС-20-4
4 Данаев Тамирлан         КРЭ-19-9 (колледж)
5 Хамит Иззэт ЭЭ-20-14
6 Романов Марк КРЭ-19-9 (колледж)
7 Кузнецов Михаил Сергеевич          ИС(СМВР)-19-5
8 Нуржонов Аллаберди Байрамали угли ПС-20-5
9 Османов Бакир Исрафильевич ПС-20-5
10 Сарбасова Аружан Нурлановна    ПС-20-4
11 Рустем Диас Выпускник
12 Костоусова Елизавета Алексеевна КТТ-19-2
13 Филимонова Арина Андреевна СИБ-19-5

 

Сонымен қатар, Huawei компаниясы Ғ.Дәукеев атындағы АЭжБУ ректоры мен Академиялық қызмет жөніндегі проректорын университет студенттерінің жеңісі үшін арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Huawei компаниясының «Seeds for the Future» бағдарламасы жергілікті таланттарды шабыттандыруға, білім алмасуды кеңейтуге, АКТ секторын жақсы түсінуге және қызығушылық танытуға және цифрлық қоғамдастыққа қатысуға бағытталған. Ол сонымен қатар әртүрлі аймақтардағы елдерді цифрлық қауымдастықтарды құруға қатысуға шақырады. Қазақстанда АКТ саласындағы мамандарға теория мен тәжірибе арасындағы олқылықтарды толтыруға және қажетті дағдыларды игеруге көмектесу үшін «Seeds for the Future» бағдарламасы 2018 жылдан бастап іске асырылуда.

 

ENERGO UNIVERSITY