22.02.2022 Барлық жаңалықтар
Гүлмира Әкімбек - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің жас ғалымы және оқытушысы. Ол қазақ тілді студенттерге Жылу энергетикасы саласындағы терминдерді дұрыс түсініп, аударуға көмектеседі. Оның ана тілінде сапалы сабақ бергені тамсандырмай қоймайды. 2021 жылы ол «Орташа фракциялы сусымалы материалдар бөлшектерінің абразивтілігін зерттеуге арналған жабдық және жұмыс температуралары (20-4000С) кезінде ұшпа заттардың бөліну дәрежесін анықтау әдісі» зертханалық стендін арнайы әзірледі және жасады. Бұдан басқа, ол үнемі Web of Science, Scopus және ҚР БҒМ БҒСБК журналдарында жарияланады. Оның қазақ тілінде білім беруді дамыту жолындағы қажырлы еңбегіне Нұр-Сұлтанда лайықты баға берілді.
- Біз Сізді «ТМД-ның үздік жас ғалымы» марапатымен құттықтағымыз келеді. Өз әсерлеріңіз туралы айтып берсеңіз?
- Мен осы керемет марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Тек Қазақстаннан ғана емес, бүкіл ТМД-дан да қатысушылар болды. Халықаралық конференция Нұр-Сұлтанда өтіп, бізді арнайы марапаттау үшін шақырды. Ресейден, Қырғызстаннан және Өзбекстаннан адамдар келді. Мен үздік деп танылдым, бұл мен үшін үлкен жетістік.
- Неліктен оқытушылықты таңдадыңыз керек? Сіз үшін Оқытушы миссиясы деген не?
- Мен біліммен бөлісіп, мамандарды оқыту маңызды екенін түсіндім. Мен жылу энергиясына қалай келдім? Бұл бала кезімдегі қызықты оқиға. Бала кезімнен «жылу мен жарық қайдан келеді?» деп сұрап, үлкендердің мазасын алады екенмін. Мектепті бітіргеннен кейін жылу энергетикасы мамандығы бар екенін білдім. АЭжБУ-ға оқуға түсіп, арманым орындалды. Содан кейін ғылым жолына түсіп, докторантураны таңдадым. Биыл үшінші курсты аяқтаймын. Егер сәтті аяқтасам, бұл жетістігімді сүйікті әкем Әбілқайыр Әкімбекұлына арнаймын. Менің барлық бастамаларымды қолдаған әкем алты жыл бұрын өмірден озған.
- Студенттермен жұмыс істеудің үш басты қағидасы?
- Білім беруден бөлек оларға жол көрсетіп, мақсатын айқындап беру керек. Бірінші қағида – алғің ғылым ақсайды деп айтпас едім, бірақ әрқашан өзгертілуі тиіс нәрселер болған және әлі де бар. Біздің студенттеріміз ғылыми процеске тартылуы керек. Үшінші қағидат, мен олардың нағыз патриот болуына және туған Қазақстанның дамуына үлес қосуына тырысамын.
- Жас ғалымдарға Университетте көрсетілетін қолдауды қалай бағалайсыз?
- Қазір жас ғалымдар үшін климаттық өзгерістер мен Жасыл экономика қызықты кезең. 2021 жылы Глазго қаласында меморандумға қол қойылды. Оған біздің ректор Сауле Сагинтаева қатысты. Өз тарапымнан жасыл энергетика тақырыбы бойынша университет басшылығы мен ОПҚ біздің жас ғалымдарды белсенді қолдайтынын атап өткім келеді. Мен оқу мен ғылыми жобаларды қатар алып жүремін, студенттерімді де осындай стандарттар бойынша дайындаймын. Республикалық СҒЗЖ байқауында I және II орын алған балалардың ғылыми жетекшісі болдым. Өткен жылы Семейде «Жылу энергетикасы» (СҒЗЖ) мамандығы бойынша пәндік олимпиададан біздің студенттер барлық 3 орынды иеленді. Мен жетекшілерімізге толық қолдау көрсеткені үшін, сондай-ақ өзімнің ғылыми жетекшім, академик Бірлесбек Алияровқа алғысымды білдіремін. Онымен бірге Қазақстандағы энергетиканың даму трендтерін қадағалаймыз. Мен оған осы бағыт бойынша басшылық пен қолдау үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Жылу энергетикасының директоры Айнұр Серікбайқызы Бегімбетоваға алғысымды білдіремін. Біздің кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы мейірімді және ұйымшыл ұжым, және мұның бәрі Андрей Анатольевич Кибариннің арқасында. Мен осы ұжымның мүшесі болғаныма өте қуаныштымын, өйткені олардың қолдауының арқасында мен үздік жас ғалым атандым.