1С Қазақстан оқу орталығы оқу орындарының оқытушыларын тегін онлайн-курстарға шақырады

1С Қазақстан оқу орталығы оқу орындарының оқытушыларын тегін онлайн-курстарға шақырады


03.03.2022 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ «1С:Кәсіпорын 8» жүйесіндегі бағдарламалау негіздері» онлайн-курсын өтуге шақырады.

Курстың мақсаты: оқу жоспарларына 1С бағдарламалауды одан әрі енгізу мақсатында IT-бағыттары оқытушыларының біліктілігін арттыру.

1С бағдарламасын ЖОО оқу жоспарына енгізу кезінде курстан өткеннен кейін оқытушы 1С Қазақстан оқу орталығынан бір саты жоғары 1С бағдарламалау бойынша тағы бір тегін курстан өту мүмкіндігіне ие болады. Курсты оқу жоспарына 1С бағдарламасын енгізу туралы оқу орнынан анықтама түрінде растау ұсынылғаннан кейін бір жыл ішінде пайдалануға болады. Анықтаманы ұсыну мерзімі – 2022 жылғы 20 қыркүйекке дейін.

Курстың ұзақтығы: 2022 жылдың 28 наурызынан 1 сәуіріне дейін. 24 академиялық сағат, курс 09:30-дан 13:00-ге дейін 5 күндік оқу түрінде өткізіледі.

Курстың құны: ынтымақтастық туралы келісім-шарты бар оқу орындарының оқытушылары үшін тегін (https://1c.kz/firm1c/cooper_edu.php#Dogovor_sotrudnichestvo ).

«1С:Кәсіпорын 8» жүйесіндегі бағдарламалау негіздері» онлайн-курсына тіркелу

Барлық сұрақтар бойынша:

Тел: +7 (7172) 95-42-40 (ішкі 5).

Email: training@1c.kz

 

 

ENERGO UNIVERSITY