МҰРАТБЕК МАДӘЛІҰЛЫ ЕРМЕКБАЕВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

МҰРАТБЕК МАДӘЛІҰЛЫ ЕРМЕКБАЕВТЫ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!


16.09.2022 Барлық жаңалықтар


Телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар кафедрасының доценті Мұратбек Мәдаліұлы Ермекбаев 16 қыркүйек күні 50 жасқа толады.

М.М. Ермекбаев 1994 жылы Харьков жоғары әскери авиациялық инженерлік училищесін, 2004 жылы Санкт-Петербургтегі Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Әскери байланыс университетін және Санкт-Петербургтегі Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Әскери байланыс академиясының адъюнктурасын бітірген. 2012 жылы Қарулы Күштер қатарында әскери бөлімдердегі авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі инженерден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің профессорына дейін офицер лауазымдарында қызмет еткен.

2012 жылы «Әскери байланыс, басқару және навигация жүйелері» мамандығы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2018 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағына ие болды.

Мұратбек Мадәліұлы еңбек жолын әскери бөлімдерде авиациялық техниканы жөндеу жөніндегі инженер болып бастады. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясы жанындағы Алматы жоғары әскери училищесінің байланыс және радиоэлектронды күрес кафедрасының оқытушысы лауазымында қызметін атқарған. 2005 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында кафедра бастығының орынбасары лауазымында қызметін атқарған. 2016 жылдан 2021 жылға дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті кафедрасының профессоры лауазымында қызметін атқарған.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін телекоммуникациялар және инновациялық технологиялар кафедрасында жұмыс істейді.

АЭжБУ КеАҚ жұмыс істеген уақытында М.М.Ермекбаев Телекоммуникациялар және ғарыш техникасы институтында күндізгі және сырттай оқу нысандарында радиоқабылдағыштар, радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі және деректерді берудің интеллектуалды жүйелеріндегі химиялық технологиялар – майнер мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде дәрістер оқыды. М.М. Ермекбаев практикалық және зертханалық сабақтарды жақсы ғылыми-әдістемелік деңгейде өткізеді. Бірлескен авторлықпен 30-дан астам жарияланым, Қазақстан Республикасының 2 патенті, 5 оқулық, монография, 10 ғылыми-зерттеу жұмыстарын жарияланған.

«АЭжБУ хабаршысы» журналының және университет кафедраларының пәндері бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарының рецензенті.

Кафедраның, институттың қоғамдық өміріне ұдайы қатысып, дәріс алушылармен үнемі тәрбие жұмысын жүргізеді.

2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландыруы арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға қатысуда.

Мұратбек Мадәліұлының ғылыми жетекшілігімен 1 докторлық, 10 магистрлік диссертация табысты қорғалды. М.М. Ермекбаев - докторлық диссертациялардың ғылыми кеңесшісі және «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бакалавриат жұмысының жетекшісі.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде кандидаттық диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңеске қатысады.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің ұжымы Сізге мол бақыт, зор денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейді! Сіздің кәсібилігіңіз бен адалдығыңыз елімізге ұзақ уақыт қызмет етіп, жаңа жетістіктерге негіз болсын!

 

ENERGO UNIVERSITY