АЭжБУ-де футбол бойынша «Fresh CUP» турнирі өтті

АЭжБУ-де футбол бойынша  «Fresh CUP» турнирі өтті

12.09.2022 Барлық жаңалықтар


2022 жылдың 10-11 қыркүйегінде футбол бойынша төменгі курс студенттері арасында «Fresh CUP» турнирі өткізілді. Турнирді Студенттер КК  «Mars.community» студенттер клубы ұйымдастырды. 

Жарысқа  1 және 2-курс студенттері арасынан 41 команда қатысты. 

Турнирдің негізгі мақсаттары мен міндеттері салауатты өмір салтын насихаттау, студенттердің футболға деген қызығушылығын арттыру, олардың арасындағы ынтымақтастық пен ұйымшылдықты дамыту болды.

Салтанатты марапаттау рәсімін Жастар саясаты департаментінің директоры Зарема Альфредовна Абдуллина өткізді. 

"ФК Перваш" командасы бірінші орынды иеленіп, үлкен кубокқа,  алғыс хат пен ақшалай сыйлыққа қол жеткізді. 

"От души для души" командасы екінші орынды иеленіп, кіші кубокпен, алғыс хатпен және ақшалайц сыйлықпен марапатталды. 

Үшінші орынды иеленген "Аманат" командасына алғыс хат пен ақшалай сыйлық табысталды. Турнир барысында көп гол соққан және үздік бомбардир атанған Серікбек Нұрғиса жеке алғыс хатымен және ақшамен марапатталды.