«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен бірлесіп болашақ энергетиктер арасында физика-математикалық пәндер бойынша РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

«Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен  бірлесіп болашақ энергетиктер арасында физика-математикалық пәндер бойынша  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

22.11.2022 Барлық жаңалықтар


«Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ 2022 жылдың 7 - 9 желтоқсанда «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамымен бірлесіп болашақ энергетиктер арасында физика-математикалық пәндер бойынша Республикалық олимпиаданы өткізеді.

Өтетін орны:  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, Алматы қаласы.  Байтұрсынұлы көшесі, 126/1. Оффлайн форматында өткізіледі.

Шарттары (1-қосымшасы):

1. «Электр энергетикасы» және «Жылу энергетикасы» мамандықтарының 2-3 курс студенттер арасында келесі пәндер бойынша олимпиада: «Электр техникасының теориялық негіздері» және «Жылу техникасының теориялық негіздері» (әр пәннен  2 студент).

2. Бітіруші сынып оқушылары «Физика» және «Математика» пәндері арасындағы олимпиада.

Білім беру ұйымы Олимпиадаға қатысуға 2 білім алушыны жібереді (физикадан – 2, математикадан – 2).

30.11.2021 дейін үлгі бойынша өтінімдерді электронды түрде мына мекен-жайға жіберіңіз: Алматы қ. Байтұрсынұлы көшесі, 126/1, «Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті» КеАҚ, «А» ғимараты, 219 офис. Ғылым және коммерцияландыру департаменті. Электрондық пошта:   Ілиясова Айдана Сәкенқызы - 87785447878, aid.iliyassova@aues.kz