Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2022 жылғы 13 желтоқсанда өмірінің 70 жылында Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Алмас Аусыдықұлы Жакупов қайтыс болды деп қайғыра хабарлайды

14.12.2022 Барлық жаңалықтар

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті 2022 жылғы 13 желтоқсанда өмірінің 70 жылында Инженериядағы менеджмент және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры  Алмас Аусыдықұлы Жакупов қайтыс болды деп қайғыра хабарлайды

Алмас Аусыдықұлы Жакупов 1975 жылы Алматы энергетикалық институтын «Электр станциялары» мамандығы бойынша «инженер-электрик» дәрежесінде бітірген. 1979-1982 жылдар аралығында М.И. Калинин атындағы Ленинград политехникалық институтында (Санкт-Петербург) «Электр станциялары және қосалқы станциялар» мамандығы бойынша аспирантурада оқыды.

2002 жылы «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін иеленді.

2005 жылы «Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару» кафедрасы бойынша «академиялық профессор» ғылыми атағы берілді. 60-тан астам ғылыми-әдістемелік еңбектердің, монографиялар мен оқу құралдарының авторы. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ҚР ТМРА) энергетикадағы тарифтік саясат жөніндегі сарапшысы. Қазақстан Республикасының Қазақстан Энергетикалық қауымдастығының (КЭА) еңбек сіңірген энергетигі, 2017 ж.

Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ КеАҚ басшылығы мен ұжымы профессор Алмас Аусыдыкович Жакуповтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстарына, жақындарына және әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.