IQ ALMATY

IQ ALMATY

20.12.2022 Барлық жаңалықтар


«IQ ALMATY» зияткерлік ойынының телевизиялық жобасының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Финалға қаланың ең дарынды және білімді деген жоғары сынып оқушылары шықты.

№48 мектептің 11-сынып оқушысы Дияр Ыдырыс жеңімпаз атанды. Дияр Ыдырыс оқу озаты, компьютерлік ойындарды жақсы көреді, мектептегі сүйікті пәні – математика.

19 желтоқсан күні «Алматы» телеарнасының «Таңғы студиясының» эфирінде Ақпараттық технологиялар институтының директоры Әлия Досжанова Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің В057–«Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламаларының тобында 4 жыл оқу мерзіміне грантта оқу сертификатын табыс етті. Almaty.tv.

Жеңімпазды құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!

IQ ALMATY зияткерлік жобасы интеллектуалды дарындыларды анықтауға, сонымен қатар мектеп оқушыларының бойында жаңа білімді қалыптастыруға, топта жұмыс істей білуге, логикалық және шығармашылық ойлауды дамытуға, есте сақтау мен зейінді жаттықтыруға бағытталған.