Energo University студенттері үш жыл оқу ішінде бакалавр дипломын ала алады

Energo University студенттері үш жыл оқу ішінде бакалавр дипломын ала алады

19.01.2024 Барлық жаңалықтар


Әзірге бәрі демалып, каникул кезінде рахатқа бөленіп жатқанда 2023 жылы Energo University-дің (Алматы энергетика және байланыс университеті) «6B06101 Computer science», «6B06105 Бағдарламалық жасақтама»,  «6B06103 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» және «6B06102 Ақпараттық жүйелер» бағдарламаларына оқуға түскендер екінші семестрді бастап қойды.

-Осы оқу жылында алғаш рет біз «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар»  даярлау бағыттары бойынша білім алушылар үшін триместрлік жүйе бойынша оқытуды енгізуді шештік, - деді академиялық жұмыс жөніндегі проректор Саренова Айгуль. – Триместрлік оқыту жүйесі әлемнің көптеген елдерінде қолданылады. Оның басты артықшылығы – үздіксіз оқу кезеңдерін қысқарту және ұзақ демалыс кезеңінен бас тарту арқылы студент үшін білім беру процесін ыңғайлы ұйымдастыру.

Триместрлік тәсілмен студенттер оқу жүктемесінің біркелкі бөлініп және пре – мен постреквизиттік пәндердің ауысуына байланысты материалды жақсы игере алады деген болжам жасалуда. Бұл ретте оқу мерзімі бір жылға қысқарады-студенттер бакалавр дипломын төрт емес, үш жыл табысты оқудан кейін ала алады.