Energo University студенттері ашық республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие

Energo University студенттері ашық республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие

20.03.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University студенттері ашық республикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие

"Электротехника" және "Электротехниканың теориялық негіздері" пәндері бойынша ашық республикалық олимпиада Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына және Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің құрылғанына 90 жыл толуына орай өтті.

Оған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университеті, Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, ҚБТУ, Мақан Есболатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы,   Қ. Құлажанов атындағы ҚазТБУ және басқа университеттер қатысты. Energo University-дің атынан (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) олимпиадаға Энергетика және жасыл технологиялар институтының студенттері қатысты.

Зияткерлік сайыста жүлделі орындарға ие болғандар:

                1-орын: Слушаш Жолдасова, ЭЭук-23-1 тобы, жетекшісі: Дагарбек Р.

                2-орын: Асхат Азатов, АЭМСк-22-1 тобы, жетекшісі: Нурмадиева Э.А., Жаркымбекова М.Б.

                3-орын: Даулет Ахмедов, ЭЭу-22-3 тобы, жетекшісі: Баймаганов А.С.

Алғыс хаттарға ие болғндар:

Арман Джумагараев, ЭЭ-22-10 тобы, жетекшісі: Баймаганов А.С.

Расул Ким, ЭЭ-22-10 тобы, жетекшісі: Баймаганов А.С.

Әмір Алқабекұлы, ЭЭк-21-4 тобы, жетекшісі: Смагулова Г.К.

Физика және электр техника кафедрасы