Energo University өкілдері ғарыш қызметі саласындағы біліктілік жөніндегі Қазақстандық салалық кеңеске кірді

Energo University өкілдері ғарыш қызметі саласындағы біліктілік жөніндегі Қазақстандық салалық кеңеске кірді

27.03.2024 Барлық жаңалықтар


Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығына сәйкес, ғарыш қызметі  саласындағы біліктілік жөніндегі кеңестің құрамына Energo University -дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) - Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының директоры Куаныш Алипбаев және Ғарыштық инженерия кафедрасының меңгерушісі Санат Төлендіұлы кірді.

Біліктілік жөніндегі кеңестің мақсаты - ғарыш саласындағы кәсіби біліктілікті дамыту бойынша мәселелерді үйлестіру.

Кеңес құрамында Energo University өкілдері министрлік әзірлеген салалық біліктілік шеңберлерін бекіту процесіне, кәсіптік стандарттарды, оларды әзірлеу және өзектендіру жөніндегі ұсыныстарды келісуге, кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша және т.б. қатысады.

Біз салалық кеңеске кездейсоқ кірген жоқпыз, - деп түсіндірді Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының директоры Куаныш Алипбаев. - Бүгінде біздің институт бай, ғылыми және білім беру базасына, жақсы профессорлық-оқытушылық құрамға ие бола отырып, Қазақстанның ғарыш саласы үшін сапалы мамандарды даярлайды. Біз бұл саланы дамыту үшін қандай бағытта жүру керектігін жақсы түсінеміз. Салалық кеңестің құрамына кіру біз үшін үлкен мәртебе және кәсіби құзыреттілігімізді мойындаудың дәлелі болды.

Бүгінде коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтында Қазақстанда ғана емес, шетелде де танылған ғалымдар ұжымы жұмыс жасайды. Мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі институт студенттерінің, магистранттары мен докторанттарының ЖОО аралық, өңірлік және халықаралық жарыстарға, олимпиадаларға, конкурстар мен конференцияларға қатысу нәтижелерімен расталады.

Биылғы жылдың ақпан айында институт базасында ғарыштық инженерия кафедрасында Ұшуды басқару орталығымен ғарыштық технологиялар бойынша заманауи ғылыми-білім беру хабы ашылды. Осының арқасында студенттер Цифрлық трансиверлермен жұмыс істеу дағдыларын игеруге, әртүрлі орбиталарда спутниктермен байланыс ұйымдастыруға, әлемнің түкпір-түкпірінен келген радиоәуекелшілермен радиобайланыс жүргізуге мүмкіндік алды. Ашылған хаб тек Energo University ғана емес, сонымен қатар ғарыш қызметі саласында жұмыс істейтін Қазақстанның барлық ғылыми ұйымдарының ғарыш инфрақұрылымының элементтерінің біріне айналады деп жоспарлануда.