Energo University – дің студенттерінде ЖОО- арасында өткен қалалық олимпиададан жүлделі орындары бар

Energo University – дің студенттерінде ЖОО- арасында өткен қалалық олимпиададан жүлделі орындары бар

27.03.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) студенттері Халықаралық білім беру корпорациясы ұйымдастырған Алматы ЖОО арасындағы қалалық студенттік олимпиадада жақсы нәтижелерге қол жеткізді.

Олимпиада студенттердің шығармашылық, креативтік ойлауын және жан жақты тұлғалық дамуға қызығушылығын дамыту мақсатында келесі бағыттар бойынша өтті:

- жоғары математика

- физика

- экология және ТК

- радиоэлектроника және телекоммуникация / компьютерлік жүйелер және бағдарламалық қамтамасыз ету / ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Energo University студенттері физика және электр техника кафедрасының оқытушылары: Г.К. Наурызбаева, С.Н. Нысанбаева, Г.Т. Алджамбекова, Р.Н. Сыздыкова және Р.С. Калыкпаеваның басшылығымен қатысып, тамаша нәтижелерді көрсетті.

Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші курс студенті Алмаз Шайжан II-дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Наурызбаева Г.К.).

Келесі студенттер де: Райымбек Хамитов (жетекші - Наурызбаева Г.К.), Тимур Халилов (жетекші - Алджамбекова Г.Т.), Ахметжан Рыскали (жетекші - Калыкпаева Р.С.), Жансерік Төкен, Еламан Сыдықжан, Рамазан Жангелдіұлы (жетекші - Нысанбаева С.К.) жүлделі орындарды иеленді.

Студенттерді және олардың басшыларын жеңіспен құттықтаймыз және алдағы табыстарды тілейміз!