Energo University-де дрондардың жарысы бойынша кәсіби команда құрылуда

Energo University-де дрондардың жарысы бойынша кәсіби команда құрылуда

29.03.2024 Барлық жаңалықтар


Дрондардың жарысы бойынша республикалық және халықаралық чемпионаттарға қатысу үшін команданы Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) алаңында құра бастады

Бұл университет пен Ashyk Aspan Foundation – Қазақстанда ұшқышсыз ұшу жүйелерін пайдалану салаларын дамытумен айналысатын Қордың ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды. Тәлімгерлер-Aspan командасының кәсіби ұшқыштары мен жаттықтырушылары (Ресей Федерациясының Қазан қаласында өткен "Болашақ ойындары-2024" нәтижелері бойынша әлемнің ТОП-10 командасының қатарына кіреді).

– Біздің міндетіміз- дрондар жарысы бойынша Energo University студенттері мен оқытушылары университеттің атынан қатысатын, кейіннен түрлі чемпионаттарда еліміздің атынан қатысатын кәсіби команданы қалыптастыру, - деді Aspan командасының техникалық директоры Қайсар Есенғали.

Қазіргі уақытта алғашқы танысу кездесулері өткізілді, қатысушыларды іріктеу басталды, команданың алдын ала құрамы қалыптастырылды. Ұйымдастырушылар Energo University командасын даярлау және дамыту бағдарламасын әзірледі, оның ішінде жаттығулардан басқа республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу, университет шеңберінде дрондар саласын дамыту үшін ішкі жарыстар өткізу, студенттердің дрондардың жаңа прототиптерін әзірлеуі, оларды құрастыру және пилоттау, сондай-ақ әртүрлі қызмет салаларында дрондарды қолдану бойынша стартап-акселераторларға қатысу.

Командаға қосылғысы келетіндердің әлі де мүмкіндігі бар. Ол үшін 8 (776) 547-57-60 (байланыс тұлғасы Владислав) телефондарына хабарласып, Телеграмда: t.me/auesdrone -  ұшқыштар клубының тобына қосылу қажет.