Energo University-де студенттік спорт лигасы аясында футзал ойындары басталды

Energo University-де студенттік спорт лигасы аясында футзал ойындары басталды

08.04.2024 Барлық жаңалықтар


2023 жылы Energo University командасы (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) футзалдан Қазақстандағы үздік атағын жеңіп алды. Бүгін университет студенттік спорт лигасының футзал ойындарының аймақтық кезеңін өткізу құрметіне ие болды.

Жарысқа Алматы дивизионының 24 ерлер және 9 әйелдер командалары қатысады.

Ерлер командаларының тізімі:

Energo University

Caspian University

Satbayev University

Азаматтық авиация академиясы

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Логистика және көлік академиясы

Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті

Спорт және туризм академиясы

Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Қазақстан-Британ техникалық университеті

Қазақстан-Неміс университеті

Қазақстан-Ресей медициналық университеті

Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университетінің 

Нархоз университеті

 «Тұран» университеті

Қонаев университеті

Халықаралық білім беру корпорациясы

SDU University

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Әйелдер командаларының тізімі:

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Satbayev University

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті

«Тұран» университеті

Спорт және туризм академиясы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Аймақтық кезең ойындары демалыс күндері өтеді және 30 сәуірге дейін жалғасады. Үздік 5 команда мамыр айында басталатын республикалық кезеңге қатысу құқығына ие болады.