Energo University-де Канада, Ұлыбритания және Қытай университеттерімен серіктестік мәселелері талқыланды

Energo University-де Канада, Ұлыбритания және Қытай университеттерімен серіктестік мәселелері талқыланды

25.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) шетелдік жоғары мектептердің өкілдерімен бірқатар кездесулер өтті: Niagara College (Канада), Saskatchewan Polytechnic (Канада), London South Bank University (Ұлыбритания) және Shenzhen University Medical School (Қытай).

Energo University ректоры Сыздыков Мурат атап өткендей, мұндай кездесулер шетелдік әріптестермен танысуға және Университетті, оның профессорлық-оқытушылық құрамы мен білім алушыларды дамыту мақсатында әріптестік нұсқаларын талқылауға бірегей мүмкіндік береді.

Шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесулер барысында ықтимал тағылымдамалар, бірлескен ғылыми зерттеулер, қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу және тағы басқа мәселелер талқыланды. Алдағы болашақта өткен кеңестердің нәтижелері бойынша өзара іс-қимылдың нақты жоспарлары белгіленетін болады.