ENERGO UNIVERSITY және SCHNEIDER ELECTRIC -АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ

ENERGO UNIVERSITY және SCHNEIDER ELECTRIC  -АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ


20.06.2024 Барлық жаңалықтар


ENERGO UNIVERSITY және SCHNEIDER ELECTRIC

-АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ КЕҢЕЙТУ

            Серіктестік қатынастарды одан әрі дамыту Schneider Electric корпорациясының Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша бас менеджері Эдгард Бу-Шахиннің Energo-University – Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне сапарының басты мақсаты болды.

Schneider Electric өнеркәсіптік автоматтандыру саласындағы танылған әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта корпорация ақпараттық технологиялар мен киберқауіпсіздікке қатысты бағыттарды белсенді түрде дамытуда.

Бірнеше жылдан бері Schneider Electric Алматы энергетика және байланыс университетімен көпжақты серіктестік қарым-қатынас байланыстырып келеді. Дәл осы жерде «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының базасында 2021 жылы өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша Schneider Electric құзыреттілік орталығы ашылды. Университетке өтеусіз негізде оқу зертханасы берілді. Ол қазіргі заманғы жабдықтармен және Schneider Electric бағдарламалық жасақтамамен толық жабдықталған, ол қазір Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі көптеген компаниялар мен кәсіпорындарда белсенді енгізіліп, пайдаланылуда.

Корпорация мамандары университет оқытушылары мен студенттері үшін үнемі біліктілікті арттыру тренингтерін өткізеді. Schneider Electric заманауи жабдықтары мен бағдарламалық жасақтамасы бакалавриат пен магистратураның білім беру бағдарламаларының әртүрлі пәндерінде оқытылады.

 Қазіргі уақытта Алматыдағы Schneider Electric бас өңірлік кеңсесінде «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының түлектері ғана емес, сонымен қатар өздерін танытқан магистранттар мен студенттер де жұмыс істейді. Сонымен қатар, университет түлектері Қазақстанның түрлі өңірлеріндегі корпорацияның серіктес компанияларында әрқашан сұранысқа ие.

Energo-University ректоры Ғани Нығыметов пен Schneider Electric компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша бас менеджері Эдгард Бу-Шахинмен одан әрі серіктестік қатынастарды талқылау барысында ынтымақтастықты сапалы жоғары деңгейде дамыту жөнінде бітімге келді. Кездесуге компанияның түрлі қызметтерінің басшылары, сондай-ақ Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Игорь Федоренко және кафедра меңгерушілері қатысты.

Ынтымақтастықтың дамуын егжей-тегжейлі түсіну үшін Эдгард Бу – Шахин және оның әріптестері «Автоматтандыру және басқару», «IT-инженерия және жасанды интеллект» және «Киберқауіпсіздік» – 3 кафедрадан тұратын Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының зертханаларына барды.

                                          Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY