Energо University Италияның жетекші университеттерінің бірімен ынтымақтастық нұсқаларын талқылады

Energо University Италияның жетекші университеттерінің бірімен ынтымақтастық нұсқаларын талқылады


24.06.2024 Барлық жаңалықтар


Рим Тор Вергата университетінің делегациясы (Италия) Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетіне (Energo University) келіп кетті.

Италия университетінің роботтандырылған жүйелер және мехатроника зертханасының директоры Марко Чеккарелли алматылық әріптестеріне Energo University инженерлік мамандықтар бойынша бакалаврлар мен магистранттарға арналған Рим Тор Вергата университетінде оқу және тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Тараптар екі ел экономикасының қажеттіліктері үшін білікті мамандарды даярлау мақсатында ынтымақтастық жолдарын талқылап, оны одан әрі дамыту жоспарларын белгіледі.

ENERGO UNIVERSITY