Energo University-де Көкшетаудан келген гимназияшыларға арналған жазғы мектеп өтті

Energo University-де Көкшетаудан келген гимназияшыларға арналған жазғы мектеп өтті


26.06.2024 Барлық жаңалықтар


20-25 маусым аралығында Energо University-де Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының жоғары сынып оқушылары үшін жазғы мектеп өтті.
Жас жеткіншектер университеттің мүмкіндіктерімен танысып, оның заманауи зертханаларына барып, математика, физика, IT бойынша дәрістерге қатысып, өздерін студент ретінде сезінді.
Сондай-ақ, оқушылар Алматыда АЭжБУ-да өткен алғашқы халықаралық дрондар фестивалінің көрермендері болды.
Сонымен қатар, оларға астрофизика институтына экскурсия ұйымдастырылды, онда балалар планеталар шеруін өз көздерімен тамашалай алды. АЭжБУ Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының Ұшуды басқару орталығында наносерікті құрастыру бойынша мастер-класстар да өтті.

Жоғары сынып оқушылары үшін демалыс — бұл шығармашылық әлеуетті дамытуға, жинақталған шиеленісті жеңілдетуге, күш - қуатты қалпына келтіруге, сондай-ақ жеке өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналған уақыт. АЭжБУ жазғы мектебі осы мақсаттарға толық сәйкес келеді, сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына сапалы білім алуға болатын болашақ мамандық пен университетті таңдау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жазғы мектепті өткізу ЖОО-ның әкімшілік және педагогикалық ұжымының оқушыларды ертіп келген Көкшетау қаласының гимназиясының оқытушыларымен бірлесіп белсенді жұмысының арқасында мүмкін болды.

ENERGO UNIVERSITY