Graduation-2024: Energo University рекордтық мөлшерде инженерлерді шығарды

Graduation-2024: Energo University рекордтық мөлшерде инженерлерді шығарды


06.07.2024 Барлық жаңалықтар


6 шілдеде Гумарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінен (Energo University) өмір сүру кезеңінде рекордтық мөлшерде түлектер шықты – 1752 адам! Олардың 142-сі – магистранттар, 29-ы – докторанттар және 1581-і – бакалаврлар.

Жарты ғасырлық тарихы бар университет өз қызметінің жылдарында Қазақстан экономикасының маңызды салалары үшін шамамен 40 мың маманды дайындады.

Бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің және шет елдердің түрлі компанияларында жауапты қызметтерде жұмыс істеуде. Олар электр және жылу энергиясын өндіруге, байланыспен қамтамасыз етуге, күрделі техникалық жабдықтарды жобалауға, жинауға және қызмет көрсетуге, ғарыштық спутниктерді іске қосуға, ақпараттық қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге, Қазақстан азаматтарының жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық процестерді цифрландыруға қатысуда.

Energo University ұжымы түлектерді осы маңызды оқиғамен – жоғары білім дипломын алумен құттықтайды. Біз сіздерге сенеміз! Біздің болашағымыз сіздердің қолдарыңызда! Армандарыңызға жетіңіздер, әлемді жақсарта түсіңіздер және АЭжБУ-дан алған білімдеріңіз сіздерге  осы жолда көмектессін.

ENERGO UNIVERSITY