Energo University-дің ENACTUS студенттік клубының капитаны Kazakhstan Business Summer Camp 2024-ке қатысты

Energo University-дің ENACTUS студенттік клубының капитаны Kazakhstan Business Summer Camp 2024-ке қатысты


08.08.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Enactus студенттік клубының капитаны Дмитрий Синишин Бұқтырма су қоймасының жағалауында өткен ENACTUS Kazakhstan Business Summer Camp 2024 жазғы бизнес-лагерінің 17-ші маусымына қатысты.

 

Биылғы жылы кәсіпкерлік дағдыларды, көшбасшылықты және командалық жұмысты дамытуға бағытталған бизнес-лагерьге Қазақстанның 23 жетекші университеті мен колледждерінен 130 қатысушы жиналды.

 

Бизнес-лагерь бағдарламасына түрлі іс-шаралар кірді:

 

● Қаржылық сауаттылық, IT жүйелері, кәсіпкерлік және тұрақты даму бойынша семинарлар мен тренингтер;

● Командалық рухты нығайту үшін тимбилдинг және белсенді демалыс;

● ENACTUS-тің жаңа маусымына дайындық;

● Бейресми қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу үшін кешкі іс-шаралар;

● Жетекші сарапшылар, бизнес көшбасшылары және ENACTUS Kazakhstan өкілдерінен кеңес беру және шеберлік сабақтары.

 

Айта кету керек, Enactus Energo командасының өкілдері төртінші жыл бойы Жазғы бизнес-лагерьге қатысып келеді, бұл оларға клубты одан әрі дамыту үшін жаңа білім, тәжірибе алуға және пайдалы таныстарды табуға мүмкіндік береді.

 

Егер сіз Enactus Energo қызметіне қызығушылық танытсаңыз және оның қатарына қосылғыңыз келсе, клубтың - @es.energo Instagram парақшасына кіріңіз

 

Анықтама:

ENACTUS (бұрынғы SIFE) - әлемнің 33 елінің 1800 университеті қатысатын бизнес, инновациялар және практикалық дағдыларды оқытуға арналған халықаралық бағдарлама.

ENERGO UNIVERSITY