25 ақпанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанда USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының кіріспе семинары өтті

25 ақпанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанда USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының кіріспе семинары өтті

02.03.2021 Барлық жаңалықтар


25 ақпанда Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ қызметкерлерінің қатысуымен Қазақстанда USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының кіріспе семинары өтті.

Аталған семинар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп өткізілді.

Бұл іс-шара Қазақстандағы USAID «Орталық Азия энергетикасы» жобасының ресми ашылуы болып табылады, одан кейін Орталық Азияның басқа да елдерінде іске қосулар болады. Семинар барысында таза энергетика саласындағы ұлттық мақсаттарға қол жеткізу, жаңартылатын энергия көздерін интеграциялау, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру үшін энергетикалық сектордың ағымдағы реформаларын қолдау мәселелері қозғалды.

Сонымен қатар, жоба қызметкерлері Қазақстандағы және өңірдегі негізгі мақсаттар мен жұмыс бағыттарына жан-жақты шолу жасады. Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ (KEGOC), энергетикалық компаниялардың өкілдері, халықаралық ұйымдар және жобаның өзге де серіктестері мен Қазақстандағы мүдделі тараптар қатысты.