02.04.2021 Барлық жаңалықтар
Құрметті Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ студенттері!
Алматы қаласы ДСБ «Қалалық студенттік емхана» ШЖҚ МКК әкімшілігі эпидемиологиялық қолайсыз кезеңде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүргізеді.
КВИ жұқтыру қаупі жоғары адамдар вакциналауға жатады.
27.01.2021 ж. № 01-1-2314 «Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүргізу» әдістемелік ұсынымдарына сәйкес.
Ресейлік «Спутник-V» вакцинасымен CОVID-19-дан вакциналанғысы келетін Алматы қаласында және Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ жатақханаларында тұратын барлық студенттері Мансұр Қаракесовке (электрондық пошта мекенжайы m.karakesov@aues.kz) келесі деректерді ұсынсын: Аты-жөні, ЖСН, үй мекенжайы, нақты тұру мекенжайы, ұялы телефоны), кесте қоса тіркелген.
Вакциналауға арналған өтінімдер 2021 жылдың 5 сәуірінен 9 сәуірі аралығында қабылданады.
Препаратты салуға болмайтын жағдайлар:
- құрамында осыған ұқсас компоненттері бар вакцинаның қандай да бір компонентіне аса жоғары сезімталдық,
- күшті аллергия,
- бастапқы иммун тапшылығы,
- созылмалы аурулардың өршуі кезінде,
- анамнездегі ауыр аллергиялық реакциялар,
- жүктілік және емізу кезеңі,
- созылмалы аурулардың өршуі (вакциналау сауыққаннан немесе ремиссиядан кейін 2-4 аптадан соң жүргізіледі),
- қан қатерлі ісігі және онкология.
Сіз қандай емханаға бекітілгеніңізге қарамастан, студенттік емханада COVID-19 вакциналауын ала аласыз.