АЭжБУ студенттері «Самұрық-Қазына» қорының Ұлттық компанияларымен танысуда

АЭжБУ студенттері «Самұрық-Қазына» қорының Ұлттық компанияларымен танысуда


28.04.2021 Барлық жаңалықтар


Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (бұдан әрі – АЭжБУ) «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп, студенттер үшін «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында «ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯЛАРДАҒЫ ЖҰМЫС ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ЖӘНЕ МАНСАПТЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ» тақырыбында вебинар өткізді.

Вебинарда АЭжБУ студенттері мансап құру және мансаптық өсу саласындағы шеберлік сабағын тыңдады. Samruk Qyzmet жобасының жетекшісі, рекрутинг бойынша сарапшы Эльмира Салимова армандағы жұмысты іздеу бойынша мүмкіндіктерді арттыру үшін инсайттармен, лайфхактармен және нақты кейстермен бөлісті. Сондай-ақ, студенттер «Самұрық-Қазына» қорының 169 компаниясының бос жұмыс орындары ұсынылған Samruk Qyzmet платформасымен танысты.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Зульфия Сембаева уран саласында мансаптық өсу перспективасы бар жас көшбасшыларды тәрбиелеуге бағытталған «Izbasar» жас мамандарға арналған бағдарлама туралы айтып берді. АЭжБУ студенттері компаниялар тобындағы корпоративтік мәдениет және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға жұмысқа орналасу кезінде жас мамандар алдында ашылатын мүмкіндіктер туралы білді.

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің Мансап орталығы Жастар жылы аясында аптасына бір рет студенттер мен түлектерді «Самұрық-Қазына» қорының Ұлттық компанияларымен және еліміздің басқа да ірі компанияларымен таныстырады.

Вебинар жазбада қолжетімді, трансляцияға сілтеме. www.aues.edu.kz ресми порталындағы өзекті жаңалықтар мен анонстарды бақылап отырыңыз.  

ENERGO UNIVERSITY