Energo University-дің студенті академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақыға ие болды

Energo University-дің студенті академик Ш. Есенов атындағы шәкіртақыға ие болды

17.04.2024 Барлық жаңалықтар


Меллатова Еңлік, Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) «Ғарыштық инженерия» мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенті академик Шахмардан Есеновтың атаулы шәкіртақысына ие болған 20 қазақстандық студенттерінің бірі болды.
Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының грантына Қазақстанның 18 жастан асқан, Қазақстан университеттерінде жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша 2-3 бакалавриат курсында (медициналық жоғары оқу орындарына арналған 2-5 бакалавриат курсы) білім алушы азаматтары үміттене алды. Бұл ретте оларға бірқатар шарттарды сақтау, соның ішінде GPA орташа баллы 3,0-ден төмен емес студенттің транскриптін ұсыну, сондай-ақ "Қазіргі әлемде кәсіпқой болу оңай ма? Оған не кедергі және не ықпал етеді?" тақырыбында эссе дайындау қажет болды.
Energo University студенті Меллатова Еңліктің кандидатурасы назардан тыс қалмады. Бұл таңқаларлық емес. Еңлік-SEDS ENERGO студенттік ұйымының (SEDS EARTH халықаралық ұйымының бөлімшесі) негізін қалаушы және басшысы. Оны ғарыш тақырыбы қатты қызықтырады.
- Қазіргі уақытта мен ғарыштық жобаларды, атап айтқанда зымырандарды әзірлеуге бағытталған ғылыми-практикалық қызметпен айналысамын, - деді Меллатова Еңлік. - Біздің SEDS ENERGO командасы әртүрлі биіктіктерге 10-нан астам зымырандарды ұшырды. Қазір жылжымалы шүмекпен жүзеге асырылатын ұшуды басқару жүйесі әзірленуде.
Бүгінгі таңда Еңліктің бірлесіп жазған және рецензиялауды күту үстіндегі бірнеше ғылыми мақалалары бар. Ол – Ташкенттегі халықаралық конференцияда және Стамбулдағы симпозиумда баяндама жасау тәжірибесіне ие. Ол 1000 Girls, New York Academy of Sciences 1000 Futures бағдарламасынан және UNICEF ұйымы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінен CubeSat форматындағы спутникті құрастыру бағдарламасынан өткендігі туралы сертификаттардың иегері.
Қазақстандағы ғарыш саласындағы жұмыс туралы жақсы түсінікке ие болу үшін Еңлік Республикалық ғарыштық байланыс орталығында (РҒБО) тәжірибеден өтті, сондай-ақ "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК-да жұмыс міндеттерін шешумен айналысты. Ағылшын тілін жақсы меңгеруінің арқасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Малайзия университетінде 2 курстың бірінші семестрінде оқыған.
Айта кету керек, Меллатова Еңліктің академик У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институтында қаржыландырылатын жобалар бойынша табысты жұмыс тәжірибесі бар. Сонымен қатар, Еңлік "Парасат" Алматы кәсіптік одағының "Парасат таңдауы" сыйлығының лауреаты болып табылады.
- Energo University-дің Коммуникациялық және ғарыштық инженерия институтының директоры Алипбаев Куаныш Арингожаевичке және басқа да әріптестеріне үнемі қолдау көрсетіп, даму мүмкіндіктері үшін алғысымды білдіргім келеді, - деді Еңлік.
Ал біз Еңлікті еңбегінің арқасында жеңіп алған стипендиясымен құттықтаймыз және оған оқу мен ғылыми қызметте алдағы табыстарды тілейміз!
 
 
Анықтама:
2013 жылы  Қазақстанның  үздік ғалымы және саяси қайраткерінің жолын қуған Есенов Галимжан, ҚазКСР ҒА академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы академик Есенов Шахмарданның атындағы ғылыми-білім беру қорының негізін қалады. Қордың мақсаты негізгі білім беруді жалғастыруда, кәсіпқойлық пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруда нақты және жаратылыстану ғылымдарына маманданған студенттер мен жас қазақстандық ғалымдарды қолдау болып табылады.