Energo University-де ҚХР консулымен кездесу өтті

Energo University-де ҚХР консулымен кездесу өтті

19.04.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Алматыдағы Қытай Бас консулдығының ғылым және техника жөніндегі консулы Чжан Виймен кездесу өтті. Тараптар жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Консул Чжао Вэй Қытайдың Қазақстанның жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуға, екі елдің жоғары оқу орындары арасында берік байланыс орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

Energo University ректоры Сыздыков Мурат атап өткендей, университет Қытаймен байланысты дамытуға дәл солай мүдделі. Бірнеше жылдан бері университет Қытайдың Huawei корпорациясымен табысты жұмыс істеп келеді. Energo University базасында «Huawei ICT» академиясы ашылды. Жақында университет тағы бір қытайлық «Dahua Technology» IT корпорациясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Сыздыков Мурат жоғары технологиялық қытайлық компаниялармен және техникалық университеттермен одан әрі өзара қарым-қатынастарды дамытуға үміт білдіріп, осындай байланыстарды орнатуға жәрдемдесуде Қытайдың Алматыдағы Бас консулдығының жетекші рөлін атап өтті.