Energo University-де Université de Lorraine (Франция) университетімен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды

Energo University-де Université de Lorraine (Франция) университетімен ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды


17.05.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-ге (Алматы энергетика және байланыс университеті) Лотарингия университетінің (Université de Lorraine, Франция) делегациясы «Жаңартылатын энергетика» бағыты бойынша бірлескен қос дипломды бағдарламаларды әзірлеу мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында келді.

Қонақтар университетіміздің жоғары технологиялық оқу және ғылыми зертханаларымен: USAID-пен серіктестікте ашылған жаңартылатын энергия көздерін зерттеу жөніндегі үш зертханамен; Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз ENERGYNET.LAB зертханасымен танысты; Орталық Азиядағы электр энергетикасында релелік қорғау, автоматтандыру және цифрландыру бойынша семинарлар, тренингтер, зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған Siemens компаниясының жалғыз оқу орталығымен танысты.

Оларды қызықтырған зертханалық қормен танысқаннан кейін Université de Lorraine өкілдері Energo University-дің ректоры Нығыметов Ғанимен одан әрі ынтымақтастықтың келешегін және қос дипломды ағылшын тілді бағдарламаны әзірлеу және ашу мүмкіндіктерін талқылады.

ENERGO UNIVERSITY