Жылу энергетика мамандарының жетіспеушілігін шешу жолдары Алматы энергетика және байланыс университетінде ұсынылды

Жылу энергетика мамандарының жетіспеушілігін шешу жолдары Алматы энергетика және байланыс университетінде ұсынылды


06.06.2024 Барлық жаңалықтар


5 маусымда  Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің (Energo University) алаңында елдің жетекші инженерлік жоғары оқу орындарының өкілдері Қазақстанның энергетикалық секторындағы өткір мәселе - жылу энергетика саласында білікті мамандардың жетіспеушілігін талқылады.

АЭжБУ бастамасымен өткізілген Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің (РОӘК) отырысында кадр тапшылығын шешу үшін бірқатар ұсыныстар әзірленді, олар жақын арада салалық министрліктерге жіберілетін болады.

Осылайша, ғылым және жоғары білім министрлігіне "0713-Электротехника және энергетика" мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім беру мамандықтары мен біліктіліктері классификаторына өзгерістер енгізу мүмкіндігін қарастыру және оны екі бейінге бөлу: "Электротехника және электр энергетикасы" және "Жылу энергетикасы және жылу технологиялары" ұсынылды. Бұл талапкерге оқуға түсу кезінде жылу энергетикалық бағытты мақсатты түрде таңдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Республикалық оқу-әдістемелік кеңес жоғары білімді кадрларды даярлау үшін "162 Жылу энергетикасы" білім беру бағдарламалары тобы (ББТ) бойынша толық оқу мерзіміне мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді ұсынады, бұл келесі перспективалық бағыттар бойынша мамандарды даярлауға мүмкіндікті береді:

- атомдық электр станцияларын жобалау және пайдалану;

- сутегі энергетикасы;

- автономды энергетикалық жүйелер.

Сондай-ақ бакалавриат үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын жалпы арттыру, оны "062 Электротехника және энергетика" және "162 Жылу энергетикасы" ББТ арасында соңғысын көбейту бағытында қайта бөлуді ұсынады.

Бұдан басқа, елдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының өкілдері энергетика маманының мәртебесін сақтау және "Жылу энергетикасы" мамандығының тартымдылығын арттыру мақсатында ынталандыру -экономикалық шараларын, осы бағыт бойынша бакалавриатта оқитын студенттер үшін стипендияларды ұлғайту және Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен облыстардың әкімдіктерінен мақсатты білім гранттарын бөлуді енгізу сияқты мүмкіндіктерді қарастыруды ұсынды.

 

ENERGO UNIVERSITY