Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің магистранттары Energo University-дің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында тағылымдамадан өтті

Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің магистранттары Energo University-дің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасында тағылымдамадан өтті


20.05.2024 Барлық жаңалықтар


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің (ҚарТУ)  15 магистранты Energo University-де (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) ғылыми тағылымдамадан өтті.

Тағылымдама ҚарТУ-дың бастамасымен Energo University-дің Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының базасында ұйымдастырылды.

Магистранттардың тағылымдамаға келуі – бұл біз үшін де тәжірибемен алмасу, өйткені бұндай әрекеттестік біздің әріптестерімізге оқу үдерістерін ұйымдастыруда не нәрсеге баса назар аударатынын және қандай материалдық-техникалық базаға ие екендігін түсінуге мүмкіндік береді,- деп Energo University-дің «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі Абжанова Лауласын атап өтті.

Қарағанды техникалық университетінің магистранттарында өнеркәсіптік автоматтандыру бойынша Schneider Electric орталығы мен электр энергетикасындағы релелік қорғау және автоматтандыру бойынша Siemens оқу орталығы үлкен қызығушылықты тудырды.

Schneider Electric (Автоматтандыру және басқару саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі) жабдықтарымен жабдықталған зертханалық стендтердегі сабақтар теориялық білімді ғана емес, сонымен қатар өнеркәсіптік PLC - бағдарламаланатын логикалық бақылаушылармен, жиілік түрлендіргіштерімен және заманауи бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеудің сарамандық дағдыларын алуға арналды.

Тағалымдама процессінде ҚарТУ магистранттары өздерін қызықтыратын тақырыпты таңдап сол бойынша есептемені дайындады. Мысалы, Беисова Каринаны интеллектуалды жүйелерді дамыту, статистикалық өңдеу және деректерді талдау, машиналық оқыту және графикалық визуализация бойынша мамандандырылған R бағдарламалау тілінің мүмкіндіктері қызықтырды.

Тағылымдама аяқталған соң әрбір магистрант Energo University-де тағылымдамадан өткені туралы сертификатты алды.

- Біз әрқашан біз сияқты студенттер мен магистранттарды автоматтандыру, басқару және ақпараттық технологиялар саласында оқытатын қазақстандық университеттермен өзара іс-қимыл үшін жұмыс жасадық және жасаймыз. Тағы бір маңызды мәселе, АЭжБУ-да біздің мамандықтар бойынша Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан көптеген студенттер мен магистранттар білім алуда, - деп Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институтының директоры Федоренко Игорь атап өтті. -  Олар сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша туған қаласындағы университеттердің бірінде семестрді өткізуге қызығушылықты танытуы мүмкін.

Автоматтандыру және ақпараттық технологиялар институты

ENERGO UNIVERSITY