Energo University KazanForum-2024-ке қатысты

Energo University KazanForum-2024-ке қатысты


20.05.2024 Барлық жаңалықтар


Energo University-дің (Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті) Коммуникация және ғарыштық инженерия институтының директоры Алипбаев Куаныш Қазан қаласында (Татарстан Республикасы, Ресей) Қазан федералдық университеті базасында өткен KazanForum-2024 халықаралық форумына қатысты. Ол: "ЮНЕСКО-ның тақырыптық бастамасы. Астрономия және Дүниежүзілік мұра": Ғылыми зерттеулердің әлеуетін кеңейтудегі рөлі және ЮНЕСКО тізіміне ұсыну",- атты секцияның жұмысына қатысты.

Сонымен қатар, екі ел университеттерінің қарым-қатынасын одан әрі дамыту мақсатында ҚФУ-ның Физика институтымен танысып қайтты.

- Біз астрономия және Ғарыштық геодезия, радиофизика кафедраларында болдық, - деді Алипбаев Куаныш, - студенттер мен ПОҚ академиялық ұтқырлығынан бастап бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және қос дипломды бағдарламаларды енгізу мүмкіндігіне дейін ынтымақтастықтың түрлі нысандары талқыланды.

ENERGO UNIVERSITY