08.04.2022 Барлық жаңалықтар
Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЭжБУ-дың белсенді, озат және талантты студенттері, магистранттары, докторанттары мен қызметкерлері! "Lean стилінде оқимыз және жұмыс істейміз" конкурсына қатысуға асығыңыздар.
Конкурстың мақсаты: Үздік идеяларды іздеу және жүзеге асыру!
Конкурс ережелері: АЭжБУ өмірінің бір бөлігі болып табылатын кез келген адам конкурсқа қатыса алады!
Конкурсты өткізу мерзімі: өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты:Нұр-сұлтан уақыты бойынша 12:00 (05.05.2022 жылға дейін).
КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ:
1) конкурстық өтінімдерді қабылдау және сараптау;
2) үздік идеяларды іріктеу және таңдау;
3) жеңімпазды анықтау, марапаттау және идеяны іс жүзінде жүзеге асыру.
КОНКУРС НОМИНАЦИЯЛАРЫ:
1) Цифрлық трансформация және жаңа IT-шешімдерді енгізу;
2) Білім беру саласында жаңа қызметтерді енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру, оның ішінде клиенттік тәжірибені (СЕ) және қызметкерлердің тәжірибесін (ЕХ) жақсарту;
3) Білім беру қызметтерінің өзіндік құнын төмендету технологиялары мен әдістері;
4) Университет имиджін көтеру жөніндегі іс-шаралар.
КОНКУРСТЫҢ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ:
І орын — 75 мың теңге
ІІ орын — 50 мың теңге
ІІІ орын — 25 мың теңге
Конкурстың толық сипаттамасымен Конкурс туралы ережеден таныса аласыздар
Барлық сұрақтар боййынша: +7 707 3111030 (Лаура Маратқызы)
Конкурс қатысушыларына сәттілік тілейміз және идеяларыңызды асыға күтеміз! Жеңіс ең үздіктердікі!
Ұсыныстарды іріктеу критерийлері
Өтінім мазмұны бойынша ұсыныстар